Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

09.10.2020, 10:00 492

HALYQLINE.KZ  Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері жаңа сервистік модельде жұмыс атқарып, өз қызметінде оң динамикаға қол жеткізуде.

2020 жылдың 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шараға 251 қызметкер жұмылдырылды.

Іс-шараның мақсаты – полиция қызметкерлерінің имиджін арттыру, халықпен тығыз байланыс орнатып,​ ​ қызмет көрсетілетін учаскелерде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру.

​ Жедел алдын алу іс-шарасы барысында ​ учаскелік инспекторлары​ 832 ​ құқықбұзушылықты анықтады. Сонымен қатар, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 1290 азаматты тұрғылықты жері бойынша тексерді. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен қадағалаусыз жасөспірімдер анықталды.

​ Іс-шара аясында 9805 ​ жеке меншік үй тексерілді, оның ішінде 18557 пәтер және саяжайдағы 327 үй. Барлық тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Жалға берілетін 40 пәтер араланып, тексерілді. Бұдан басқа, 22 пәтер иесіне қатысты жинақталған құжаттар шара қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Полиция қызметкерлері қару иелерін назардан тыс қалдырған жоқ. Қала бойынша барлығы 4309 атыс қаруының иесі тіркелген. Оның ішінде тұрғылықты жері бойынша 925 тегіс ұңғылы қару иелері тексерілді. Қаруды сақтау қағидаларын бұзу деректері анықталып, 18 азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілді.

​ ​ ​ Бұл бағыттағы​ жұмыс жалғасуда.

Қызылорда қаласы Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: