HALYQLINE.KZ Мал ұрлығы қашан да өзекті. Қырағылық танытпаған жұрт малдарынан айырылуда. Арқаны кеңге салған кейбір тұрғындар ірі қарасын қараусыз жайылымға жіберіп, малдың кедергісіз ұрлануына жағдай туғызады. Бұған қоса, тұрғындар орын алған мал ұрлығы қылмысы жөнінде полицияға кеш арызданады.
Мәселен, 2017-2018 жылдары және ағымдағы жылдың шілде, тамыз айларында Арал ауданының 6 тұрғыны алдын ала сөз байласуы арқылы бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында 28 бас жылқы, 4 бас өгіз, 7 бас сиырды, жалпы 39 бас малды ұрлап, сатып жіберген.
Мал иелері тек соңғы болған мал ұрлығы қылмысынан кейін ғана аудандық полиция бөліміне арызданды. Полиция қызметкерлері үш жыл қатарынан болған қылмысты ашу бағытында жедел жұмыстарға кіріседі. Нәтижесінде бөтеннің малын ұрлап, пайда тапқан күдіктілер қолға түсті.
Қазіргі таңда полицейлер олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен және ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдіктіге қатысты аудандық сотпен 2 айға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалған ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!