Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бексұлтан Бостандықов: «Тоғызқұмалақты шахматтан кем санамаймын»

27.09.2020, 15:00 1194

HALYQLINE.KZ

Бексұлтан БОСТАНДЫҚОВ, тоғызқұмалақшы:

– Өз басым­ тоғызқұмалақты шахматтан артық көрмесем, кем санамаймын. Өйткені, тоғызқұм­алақтағы бір ойында миллиондаған нұсқа бар. Өте күрделі. Шахматтағы фигуралар ойыннан шығып қалғанда, тақта­ үстіндегі тартысын жалғастыра алмайды­. Мұнда бүкіл тастар соңына дейін ойында қалады. Тоғызқұмалақты тек ұлттық ойын ғана емес, шахмат секілді әлемдік ойын деп қараған жөн. Сол деңгейге көтерілсе деймін.

Бірақ, бұл қазіргі тоғызқұмалақ шарасыз күйде деген сөз емес. Осы күні Чехияда жылына екі рет тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылады. Швейцария, Түркия, Венгрия секілді елдерд­е халықаралық турнирлер өтіп жүр. Жыл өткен сайын олардың қатары да, деңгейі де өскені байқалады. Енді ол жақтарда арнайы мектептер ашылып, жастарды бау­лыса деген ойым бар. Себебі, ойыншылардың көбі үлкендер болып отыр. Қазіргі күні әлемдік жарыстарда қырғыздар, моңғолдар бізге жап-жақсы қарсылас. Бұл сол жерлердегі мектептердің әсері болса керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: