Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыныстық қатынас кезінде сүйіктісін өлтіріп алды

23.09.2020, 11:30 740

HALYQLINE.KZ «Ресейдің Ногинск қаласында көңілдесімен жыныстық қатынасқа түскен ер адам қайтыс болды» деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Басылымның ақпаратынша, полицияға жедел жәрдем станциясы хабарласқан. Медицина мамандары 1974 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын хабарлаған. 46 жастағы азамат белгісіз затпен шабуылдау және жақ сүйектеріне соққы беру нәтижесінде мидың ішкі қабатының астына қан құйылып, бас ми жарақатын алған. Тексеру барысында тергеушілер ер адам өлер алдында сүйіктісінің үйінде болғаны анықталған. Жыныстық қатынас кезінде келіншек марқұмның басын шынтағымен ұрған. Интимді жақындық аяталған соң ғашықтар ұйқыға кеткен. Таңертең ұйқысынан тұрған әйел ер адамның қайтыс болғанын білген.

Басылымның жазуынша, келіншек бұған дейін «Өлтіруге оқталу немесе денсаулыққа ауыр зиян тигізу» бабы бойынша сотты болған.

Қазір ол қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда. Еске сала кетсек, Шымкентте үш күйеуге шығып, үшеуін де өлтіріп тастаған келіншектің түрмеге отырғанын хабарлаған едік. Алғаш рет ол 2003 жылы күйеуіне у беріп өлтіргені үшін жеті жылға қамалған. Жақсы тәртібі үшін 2008 жылы бостандыққа шығады. 2010 жылы өзіне қорлық көрсеткен азаматтық некедегі күйеуін өлтіргені үшін екінші рет 12 жылға бас бостандығынан айырылған. 2018 жылы жазасын өтеп жатқан жері жақсы мінездеме беріп, шартты түрде босап шыққан. Үшінші рет өткен жылы бірге тұратын ер адамды өзіне зорлық көрсеткені үшін өлтірген. Айта кетейік, Қызылордада күйеуін өлтіруге киллер жалдаған келіншектің 7,5 жылға сотталғаны хабарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: