Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұның өзі халыққа жасалған қылмыспен пара-пар

30.08.2020, 14:00 759

HALYQLINE.KZ Ешкімнің жағасынан алып жатқаным жоқ. Кім әкім болады. Қалай әкім болады, ешқандай шаруам жоқ. Жай тек қана еліміздегі жалғыз түйір теңізі бар, халықаралық порты бар қаланың, әдемі пейзажы бар қаланың көркі қораптан тұратын ауылға ұқсап қалмаса екен деген тілек.

Қанша Кеңес өкіметін жамандасақ та, ес біліп етек жинағанда оның шетін көріп қалдық ғой. Теңізден соғатын самал жел мен пайдалы ауа төменгі шағын ауданнан жоғарыға дейін жетсін деп үйлердің өзіне бұт салып, ауа ағынын қамтамасыз еткен болатын. Бағымызға орай тәуелсіздік келгенімен, өкінішке қарай дым көрмегендік синдромы қатар келіп, барлық үйдің астыңғы бұтын қоршап, мейрамхана-кафе-дүкенге айналдырып жіберді.

Меніңше, осының өзі халыққа қарсы жасалған қылмыспен пара-пар. Ал енді, жалғыз түйір көзайымымыз Каспийдің өзін жағалау бойлатып зәулім үйге қоршап жатыр. Осындай дым көрмегендікті қойса екен…

Тимур Бектұрдың фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: