Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ішкі саясат бөліміне басшы тағайындалды

18.08.2020, 14:30 1438

HALYQLINE.KZ

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың өкімімен Смағұлов Самат Қыдырбекұлы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдың тамыз айынан бастап «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Смағұлов Самат Қыдырбекұлы 1987 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

2009 жылы Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде «Мемлекеттік басқару бакалавры» бойынша жоғары білім алған.

Алғаш еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратында жастар тәжірибесінен өтуші болып бастаған.
2010-2011 жылдары Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;

2011-2012 жылдары Төретам кенті әкімі аппаратының жетекші маманы;

2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қызылорда облысы Дін істері департаментінің бас маманы;

2013-2014 жылдары Қызылорда облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыстар бөлімінің басшысы;

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қармақшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: