Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауында сағат 20:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді.
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Түркістан (77,58%), Ақтөбе (75,69%) және Жетісу (74,09%) облыстарында тіркелді.
Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші:
- Астана қаласы – 42,92%
- Абай облысы – 68,22%
- Ақмола облысы – 56,08%
- Ақтөбе облысы – 75,69%
- Алматы облысы – 60,41%
- Атырау облысы – 54,16%
- Батыс Қазақстан облысы – 55,27%
- Жамбыл облысы – 61,92%
- Жетісу облысы – 74,09%
- Қарағанды облысы – 56,42%
- Қостанай облысы – 57,14%
- Қызылорда облысы – 71,58%
- Маңғыстау облысы – 61,86%
- Павлодар облысы – 60,23%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%
- Түркістан облысы – 77,58%
- Ұлытау облысы – 54,61%
- Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%
- Алматы қаласы – 37,70%
- Шымкент қаласы – 44,72%
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!