Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру аяқталды, деп жазады inbusiness.kz.
Сағат 20:00-де сайлау учаскелері жабылып, сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санауға кірісті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша 10 388 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
Сайлау нәтижесінде еліміздегі 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайланады. Атап айтқанда:
- 20 облыстық мәслихатқа – 668 депутат;
- 38 қалалық мәслихатқа – 626 депутат;
- 170 аудандық мәслихатқа – 2 153 депутат.
Депутаттық мандаттардың 3 113-і бірмандаттық сайлау округтері, ал 334-і партиялық тізімдер бойынша бөлінеді. Депутаттар 5 жыл мерзімге сайланады.
Сайлауда 3 447 депутаттық мандатқа 10 582 кандидат үміткер болды. Олардың 9 422-сі бірмандаттық сайлау округтері, ал 1 160-ы партиялық тізімдер бойынша сайлауға қатысты. Бір депутаттық мандатқа орта есеппен 3 кандидаттан келеді.
Сайлау қорытындысы 5 күн ішінде белгіленуге тиіс.
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!