Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дұға еттік, күттік, сендік»: Сәкен Бибосынов ұлды болып, қуаныштан жылады

22.11.2026, 20:20 20

HALYQLINE.KZ

Бокстан әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов әке атанды, деп жазады penalty.kz

Бибосыновтың жазуынша, отбасы бұл бақытқа жеткенше ауыр сынақтарды бастан өткерген. Бұған дейін ерлі-зайыпты үш перзентінен айырылған. Боксшы олардың орны жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

Боксшы жақындарынан айырылған сәттерде жұбайы екеуі іштей күйзелсе де, үмітін үзбегенін жазды. Сабыр сақтап, сәбилі болуды тілеген отбасы үшін ұлдарының аман-есен өмірге келуі ерекше қуанышқа айналды.

«Дұға еттік, күттік, сендік. Сабыр сақтап, Жаратқаннан медет сұрадық. Бүгін сол дұғаларымыздың біріне жауап келгендей…», — деп бөлісті Бибосынов.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін Сәкен бірнеше рет жарақат алып, бірқатар ірі турнирге қатыса алмады. Жуырда боксшы омыртқасынан ауыр жарақат алып, қайта емделуге мәжбүр болған.

Сая Нұрғалиева

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: