Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Хабиб 200 миллион доллардан бас тартты: «Ақша мен үшін мотивация емес»

19.11.2026, 15:16 25

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов спортқа қайта оралу үшін ұсынылған 200 миллион доллардан бас тартты. Мұндай ұсынысты америкалық блогер, боксшы әрі промоутер Джейк Пол жасаған. Екеуінің әңгімесі түсірілген бейнежазба Полдың YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Әңгіме барысында Джейк Пол ресейлік спортшыдан октагонға қашан оралатынын сұрап, оған 200 миллион доллар ұсынған. Алайда Нурмагомедов мұндай қомақты қаражаттың өзі спортқа қайта оралуына себеп бола алмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, қазір жекпе-жек өткізуге ынталандыратын қарсыласы жоқ.

– Не үшін қайтып оралуым керек? Қарсылас жоқ, тек ақша бар. Ал ақша мен үшін мотивация емес, – деді Хабиб Нурмагомедов.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов 2020 жылдың қазанында америкалық Джастин Гейджиді жеңгеннен кейін кәсіби спорттағы мансабын аяқтаған. Ол аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. Араға алты жыл салып жасалған ұсыныс та спортшының шешімін өзгерте алмады. Дегенмен Джейк Полдың ауызша ұсынысы ресми келісімшартқа айналғаны туралы ақпарат жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: