Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалың тұман: Жезқазған – Қызылорда тасжолында көлік қозғалысы тоқтатылды

19.11.2026, 15:10 25

Жезқазған – Қызылорда автомобиль жолында қалың тұманға байланысты көліктің барлық түріне уақытша қозғалыс шектеуі енгізілді. Қазіргі уақытта тасжолда 20-ға жуық көлік жолдың ашылуын күтіп тұр, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері тасжолда жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертуде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілген шектеуге түсіністікпен қарап, жол қозғалысы қайта жанданғанға дейін күту сұралды.

– Жүргізушілерден енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, жолдың ашылуын күтуді сұраймыз, – делінген полиция хабарламасында.

Әзірге тасжолдың нақты қай уақытта ашылатыны хабарланған жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: