Бүгін, 17 қарашада әлемнің көп елінде Халықаралық студенттер күні атап өтіледі, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл күн 1939 жылы Чехословакияның Прага қаласында нацистік басқыншылыққа қарсы шыққан студенттердің ерлігі мен тарихи оқиғаларды еске алу мақсатында белгіленген. 1941 жылы Лондонда өткен халықаралық студенттер жиынында 17 қараша Халықаралық студенттер күні болып жарияланды.
Аталған күн студент жастардың қоғамдағы рөлін айқындап, олардың білім алуға, еркін ойлауға және өз құқықтарын қорғауға деген ұмтылысын дәріптейді.
Фото: istockphoto.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!