Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еуропалық отбасы асырап алған қазақ баласы 16 жылдан соң желі арқылы туыстарын тапты

17.11.2026, 12:30 48

HALYQLINE.KZ

Рустам Масимов 2005 жылдың 23 қаңтарында Алматыдағы №4 перзентханада дүниеге келген. Рустамды үш жасында полиция қараусыз қалған пәтерден тапқан. Кейін ол балалар үйіне орналастырылып, 2010 жылы Еуропада тұратын отбасы асырап алған. Бұл туралы Stan.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Арада 16 жыл өткенде ол әлеуметтік желі арқылы Қазақстандағы туған туыстарын іздей бастады.

Рустамның анасы Зарина бала кезінде өзі де балалар үйінде тәрбиеленген. Кейін ата-ана құқығынан айырылып, 2011 жылы қайтыс болған. Ал туған әкесі туралы мәлімет өте аз еді.

Рустамға туған-туыстарын табуға Facebook-тегі жазба көмектесті. Жігіттің оқиғасына бейжай қарамаған ерікті оның отбасылық құжаттары мен ескі деректерін зерттей бастады. Ақыры «Одноклассники» желісінен анасы жағынан нағашы ағасы Әлімжанның парақшасын тапты.

Әлімжан да жиенінен көп жылдан бері хабарсыз болған. Отбасы Рустамды 2010 жылы АҚШ азаматтары асырап алған деп ойлап жүрген екен. Кейін Рустам мен нағашы ағасы Әлімжан бейнеқоңырау арқылы сөйлескен. Рустам мен Хильди Еуропадан хабарласса, Әлімжан Алматыдан қосылған.

Қазір екеуі үнемі хабарласып тұрады. Рустам Қазақстанға келіп, туған туыстарымен жүздесуді жоспарлап отыр.

Алайда оның іздеуі әлі аяқталған жоқ. Рустам туған әкесін де тапқысы келеді. Оның қайда екені және тірі-тірі еместігі әзірге белгісіз.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: