Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолаушылар пойызының жолсерігі ұсталды (видео)

13.11.2026, 8:35 19

HALYQLINE.KZ

Қазан айында «Түркістан-Павлодар» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі ұсталды. Ол оңтүстік өңірлерден елордаға есірткі заттарын жеткізумен айналысты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Көліктегі полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері теміржол көлігі саласы жұмысшыларының қатысуымен есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактісін анықтаған.

«Биыл қазан айында «Түркістан – Павлодар» бағытындағы жолаушылар пойызының 39 жастағы жолсерігі ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 5 келіден астам гашиш есірткі заты анықталып, тәркіленді.

Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында есірткі заттарын жеткізуші деген күдікке ілінген 33 жастағы Жамбыл облысының тумасы анықталып, ұсталды. Ол есірткі заттарын ақшалай сыйақы үшін өткізген», — делінген хабарламада.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген есірткі заттарының қара нарықтағы құны 18 миллион теңгеден асады. Осылайша, Көліктегі полиция департаменті еліміздің оңтүстік өңірлерінен елордаға есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта құқықбұзушылықтың барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Көрнекі фото: baq.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: