Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

04.11.2026, 15:25 71

Шаһар басшысы Нұржан Ахатов актив отырысында жаңа аппарат басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Азамат Амантайұлы Мыңбаев тағайындалды.
Қала әкімі аппаратының алдында тұрған шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған Нұржан Сәбитұлы тағайындалған аппарат басшысына бірқатар міндеттер жүктеді.

«Азамат Амантайұлы — өзекті мәселелерге терең талдау жасап, жұмыстың тиімділігін арттырып, кадрлық құрамды нығайтып, тәртіпті күшейту керек. Бұл ретте, мемлекеттік қызметте жинаған мол тәжірибеңізбен осы жұмыстарды жоғары деңгейде іске асыратыныңызға сенім білдіремін», -деді қала әкімі.

Азамат Амантайұлы 1989 жылы Қызылорда қаласында туылған.
2012 жылы «Болашақ» университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 2014 жылы «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2009 жылы облыс әкімі аппаратында штаттан тыс қызметші болып бастаған. Әр жылдары ақпараттық технологиялар орталығында жетекші сарапшы, бөлім басшысы, облыс әкімі аппаратында бас инспектор, қала әкімі аппаратында бөлім басшысы, Шиелі ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келген.

Ал, бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы болған Мұрат Ибрагимұлы Тасқараев басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Мұрат Ибрагимұлына шаһардың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: