Кезінде қыз-келіншектер шашбау, шаштеңге, шашкерме, шашқап, шекелік, шолпы деген секілді шашына мың түрлі әшекей-бұйым таққан. Сәндік үшін деп ойласаңыздар, олай емес екен. Бұрын ата-бабаларымыз шашта жанның жартысы болған деп сенген. Сондықтан қыз баланы «шашыңды кеспе, баспа, өртеме» деп тыйымның астына қалдырған. Қазақта «шаш кескен – бас кескен» деген сөз бар. Дәл осындай мәнге ие шашты қорғау үшін қазақ қызы шолпы таққан. Шолпының әсемдігі жаман көзден, тілден сақтаса, шолпының сыңғыры бәле-жаладан, жын-шайтаннан қорғайды деп сенген.
Ертеректе қазақ қыздары рубльді шашқа тағатын болған. Бұл әшекей – шаштеңге. Аты айтып тұрғандай, теңгені шашына тағып алған қыздың үйінде береке, молшылық болады дейді-мыс. Бұл әшекейдің ерекшелігі де сонда.
Қыздың самайына тағылатын сырға есебіндегі бұйым – шекелік. Шекелікті тек тұрмысқа шықпаған, жас қыздар тағады. Бұйым қыздардың әлеуметтік мәртебесін көрсететін бірден бір әшекей болып саналған. Мәселен ауқатты отбасыдан шыққан қыздың шекелігі күмістен жасалып, асыл тастармен безендірілсе, тұрмысы төмен отбасылардағы қыздардың шекелігі темірден немесе мыстан жасалады деседі.
Әлия Мұрат,
«Сыр жұлдыздары» шығармашылық және инновация академиясы
«Жас журналист» үйірмесінің оқушысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!