Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан ҰҚК мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің жолын кесті

03.11.2026, 9:20 63

HALYQLINE.KZ 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) елдің батыс өңірінде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің жолын кескенін хабарлады. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.
30 қазанда арнайы қызмет өкілдері Атырау қаласында жүргізілген операция барысында он экстремисті ұстады.
«Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгертуді көздеген», - делінген хабарламада.
Ұсталғандардан қару-жарақ, есірткі заттары, діни атрибутика мен әдебиеттер тәркіленді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандарға арналған үш жасырын оқу орталығының жұмысын тоқтатты.



Сурет ашық дереккөзден алынды.





						
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: