Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда – Тереңөзек жолында адам өліміне әкелген апат болғаны хабарланды

29.10.2026, 20:19 50

Қызылорда – Тереңөзек тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Зардап шеккендердің арасында жасөспірім де бар, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметке сәйкес, жол апаты 29 қазанда сағат 14:00 шамасында болған. Оқиға салдарынан бір адам сол жерде көз жұмып, төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

Жарияланым авторы апатқа қатысы бар Opel автокөлігінің жүргізушісі бұрын сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылған болуы мүмкін екенін жазған. Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары әзірге ресми растаған жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: