Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты атанды

21.10.2026, 10:50 66

Гүлнар Тойлыбаева Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты ретінде ант берді. Оның кандидатурасын Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің құрамына енгізу туралы ұсынысты 138 депутат қолдады, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Құрылтай отырысында палата төрағасы Айбек Дәдебай Гүлнар Тойлыбаеваның Орталық сайлау комиссиясында ресми тіркелгенін мәлімдеді.

Жаңа депутат Қазақстан халқына адал қызмет етуге, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, Конституция мен заңдарды қатаң сақтауға және өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға ант берді.

Одан кейін Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина Гүлнар Тойлыбаеваны комитет құрамына енгізуді ұсынды. Ол жаңа депутаттың мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мен Жетісу облысының дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Дауыс беру қорытындысында ұсынысты 138 депутат бірауыздан қолдады. Қарсы дауыс бергендер мен қалыс қалғандар болған жоқ.

Гүлнар Тойлыбаева бұған дейін Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы болған.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы оны 20 қазанда «Әділет» партиясының тізімі бойынша Құрылтай депутаты ретінде тіркеді. Ол өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Татьяна Савельеваның орнына келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: