Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ағза донорлығының маңыздылығы айтылды

09.10.2026, 21:45 43

HALYQLINE.KZ

 «9 қазан – Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күніне» орай, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында басқарма басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Динара Сардарбекқызының төрағалығымен ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Жиынға Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкіл имамы, ағза трансплантациясын өткерген реципиенттер мен донорлар, медициналық ұйымдардың басшылары және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара аясында алдымен өмірден өткен донорлардың рухына тағзым етіліп, олардың ізгі ісіне құрмет көрсету мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар донорларға «Алғыс хаттар» табысталып, адам өмірін сақтап қалуға қосқан үлестері үшін ерекше құрмет көрсетілді.

Кездесу барысында ағза донорлығының маңыздылығы, трансплантация саласын дамыту және қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланып, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, адам өмірін сақтаудағы донорлардың рөліне ерекше тоқталды.

Ағза донорлығы – адамға өмір сыйлап, үміт отын жағатын ізгілік пен жанашырлықтың көрінісі. Осы ретте өзгеге өмір сыйлауды мақсат еткен донорлар мен игі істің дамуына үлес қосып жүрген барша азаматқа шынайы алғысымызды білдіреміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: