Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Демалыс күндері қай өңірге алғашқы қар түседі?

09.10.2026, 18:06 35

«Қазгидромет» 12 қазанға дейін Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, шығыста қар аралас жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

— 10–12 қазанда елдің орталығында, 10–11 қазанда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 10–11 қазанда оңтүстік-батыста, 11–12 қазанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанады. 10 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр болжанып отыр.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжанады:

елдің батысында +22+27°С-қа дейін;
солтүстік-батысында +17+25°С-қа дейін;
солтүстігінде +13+20°С-қа дейін;
орталығында +13+22°С-қа дейін;
шығысында +10+22°С-қа дейін;
оңтүстігінде, Қызылорда облысында +23+28°С-қа дейін, ал Түркістан облысында ауа температурасы +18+23°С-қа дейін төмендейді;
елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының негізгі фоны +17+25°С болады.


Фото: Руслан Мухамедьяров \ Kazinform

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: