Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлытау облысында 950 миллион теңгенің марганец кені ұрланды

02.10.2026, 11:00 30

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қаражал қаласындағы «Восточный» карьерінде марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған топтың жолын кесті.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер экскаваторлар, тиегіштер мен ауыр жүк көліктерін пайдаланған. Карьер аумағында арнайы өндірістік база құрылып, уату-жуу кешені арқылы өндірілген шикізат қайта өңделіп отырған. Кейіннен дайын кен бұрмаланған құжаттар арқылы ауыр жүк көліктерімен ел аумағынан сыртқа тасымалданған.

«Заңсыз сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асты, ал оның жалпы құны 950 миллион теңгеден асады», — деп хабарлады ҚМА өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: