Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы мен қытайлық компаниялар арасында екі келісім жасалды

25.09.2026, 20:15 36

 HALYQLINE.KZ

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Алматы қаласында өтіп жатқан «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумына Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев онлайн форматта қосылды, деп жазады баспасөз қызметі.

Қытай Халық Республикасы – Қызылорда облысының ең ірі сауда серіктесі. Өңірдің сыртқы сауда айналымының 60 пайызы Қытайға тиесілі. Өткен жылдың қорытындысымен екі ел арасындағы тауар айналымы 403 млн АҚШ долларына жетті.

Қытайлық инвесторлардың қатысуымен өңірде 124,3 млрд теңгенің үш өндіріс орны іске қосылды. Олар – жылына 1 млн тонна цемент өндіретін «Гежуба Шиелі Цемент» зауыты, қуаттылығы 197 мың тонна «Орда Гласс» шыны зауыты және қуаты 40 МВт күн электр станциясы. Нәтижесінде 658 жұмыс орны құрылды.

Қазіргі уақытта бірнеше инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың қатарында «Бурабай-Жалғызағаш», өрт сөндіргіш құралдарды шығару, табиғи газды сұйылту, мақта өсіру мен өңдеу және тамшылатып суару қондырғыларын шығару жобалары бар.

Бұдан бөлек, энергетика, өңдеу өнеркәсібі, мұнай саласы, құрылыс индустриясы және ауыл шаруашылығы бағыттарында алты жобаны орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, трансформатор зауыты мен мұнай бұрғылау қондырғыларын өндіру жобалары.

Форум аясында Қызылорда облысы әкімдігі мен қытайлық компаниялар арасында «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағында өрт сөндіргіштер өндірісі және мұнай бұрғылау жабдықтарын өндіру жобаларын іске асыру бойынша келісімге қол қойылды.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі және көлік-логистика салаларындағы инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: