Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық ұланның 36 учаскесінде дауыс беру басталды

23.08.2026, 6:55 52

Бүгін елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауға ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де қатысып жатыр. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін әскери бөлімдер аумағында 36 сайлау учаскесі ашылған. Бұл ұландықтарға қызмет өткеру орны бойынша дауыс беруге мүмкіндік береді.

Елордадағы 5573 әскери бөлімінде орналасқан №266 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков дауыс берді. Ол учаскеге таңғы сағат 6:00-де келіп, өз таңдауын жасады.

Дауыс беруге офицерлер, келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері мен Ұлттық ұлан ардагерлері қатысуда. Көптеген жас сарбаз сайлауда алғаш рет дауыс беріп отыр.

Сонымен қатар Ұлттық ұланның жеке құрамы қызметтік міндеттерін жалғастыруда. Күн сайын еліміздің 21 қаласында 7 мыңнан астам әскери қызметші қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: