Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскери қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсетілді

16.10.2026, 15:40 54

HALYQLINE.KZ

2026 жылғы 16 қыркүйекте «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының психологтары Қызылорда қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне «Стресс және экстремалды жағдайдан шығу: психологиялық тұрақтылық пен өзін-өзі басқару» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын нығайту, стресс белгілерін дер кезінде тану, эмоцияны басқару және қысым жағдайында дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

Кездесу барысында қатысушылар стресс кезінде туындайтын психологиялық өзгерістерді талқылап, эмоциялық ширығуды төмендету мен өзін-өзі реттеу тәсілдерімен танысты. Практикалық жаттығулар арқылы қиын жағдайда сабыр сақтау, эмоцияны бақылау және психологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жолдарын пысықтады.

Тренинг нәтижесінде қатысушылар стресс белгілерін тану, эмоциялық күйін бақылау және қысым жағдайында өзін-өзі реттеу тәсілдерін тәжірибе жүзінде қарастырды. Бұл дағдыларды меңгеру қызметтік міндеттерді орындау барысында туындайтын күрделі жағдайларда сабыр сақтауға, әрекетін саралауға және шешім қабылдауға көмектеседі.

Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық мұрасын дәріптеуге арналған айлық аясында ұлт ұстазының идеяларының бүгінгі қоғамдағы маңызы талқыланды. Қатысушылар азаматтық ұстаным, қоғамдық жауапкершілік және ел болашағына бейжай қарамау мәселелеріне назар аударды.

Кездесу қызметкерлердің психологиялық саулығын қолдауға, өзін-өзі басқару дағдыларын жетілдіруге және азаматтық жауапкершілігін терең түсінуге бағытталды. Психологиялық тұрақтылықтың кәсіби қызметтегі маңызы мен оны күнделікті тәжірибеде қолдану қажеттігі атап өтілді.

«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: