«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» деген атпен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы сөздерінің жинағы жарық көрді. Бұл туралы ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Бұл – Мемлекет басшысының Қазақстанды Әділетті, Қауіпсіз және Өркендеген елге айналдыруды көздеген ұлы мұратының сөзбен көмкерілген жиынтық бейнесі. Яғни саналы ғұмырын мемлекет ісіне арнаған тұлғаның соңғы отыз жылдан астам уақыт ішінде көңілге түйгені, ойға тамызық болған ұстанымдары мен құндылықтары. Кітапта түрлі тақырып аясында топтастырылған, әр жылдары айтылған сөздері жинақталған», — деп жазды Арман Қырықбаев.
Кітап жақын арада барлық мемлекеттік кітапханаларға, университеттер мен колледждерге, жастар орталықтарына таратылады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!