Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда жылу электр орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

23.06.2026, 16:30 72

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» МКК «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 2-тармағының 15 тармақшасында көзделген міндеттерін орындамағаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департаментпен табиғи монополия субъектісіне бекітілген тарифтік сметаның орындамағаны үшін, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-тармағына сәйкес 4 152 000 теңге айыппұл салынды.

Табиғи монополия субъектісі Департамент қаулысымен келіспей, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағыммен жүгініп, соттың қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 829-11-бабының 2-бөлігі негізінде «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-на қатысты Департаментпен салынған айыппұл мөлшері 30%-ға қысқартылып, барлығы 2 906 400 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда айыппұл сомасы мемлекет кірісіне толық өндіріп алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: