Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ-та табылған мәйіт қазақстандыққа тиесілі болуы мүмкін

15.06.2026, 16:50 59

Чикаго көшелерінде ізім-ғайым жоғалған Асет Құралбайдың тағдырына қатысты үрейлі жаңалық тарады. АҚШ билігі жақында ғана табылған мәйіттің жеке басын анықтау үшін шұғыл шараларды бастап кетті. Ресми деректер бойынша, ол – көптен бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматы болуы мүмкін.Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетыбаев ведомствоның брифингінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ-тағы әріптестерінен жаңартылған ақпарат «брифинг алдында ғана» келіп түскен.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның денесінің табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр. Дипломаттарымыз АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде», – деді Жетыбаев.

Асет 2 маусым күні жақындарымен соңғы рет байланысқа шығып, кейін ізім-ғайым жоғалып кеткен. 7 маусымнан бері оның телефоны өшірулі, ал пәтерінде құжаттары мен банк карталары сол күйі қалған. Үйдегі заттардың орнында болуы – оқиғаны одан сайын жұмбақтап, тергеушілердің күдігін арттыра түсуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайды қатаң бақылауына алды. Дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: