Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Амур, Үміт, Тұран, Уссури»: Ресейден әкелінген жолбарыстарға есім берілді

10.06.2026, 15:30 73

HALYQLINE.KZ

Мамырдың соңында Ресейден Қазақстанға төрт Амур жолбарысы жіберілген еді. Экология министрлігінің өкілдері жануарлардың жаңа жағдайға бейімделу кезеңінен қалай өтіп жатқанын және оларға қандай есім берілгенін айтты.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есімдер берілді:

* аталық жолбарыс — Амур;

* аналық жолбарыс — Үміт;

* еркек күшік — Тұран;

* ұрғашы күшік — Уссури.

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтуде.

«Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда», — делінген хабарламада.

Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі. Одан бұрын жолбарыстар спутниктік қарғыбаулармен жабдықталады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Фото: Экология министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: