Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда екі спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

10.06.2026, 9:50 70

HALYQLINE.KZ

Бүгінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында 2 спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Әйтеке би кентіндегі Қазалы мәдени-демалыс кешені аумағында бой көтеріп жатқан құны 643 млн теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылысын «Болашақ» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Қазіргі уақытта нысанда ішкі сылақ жұмыстарын жүргізу, кафель жапсыру, жылу батареяларын орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

Ал Қожабақы ауылындағы құны 537,1 млн теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылысын «Намыс-Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Бүгінде ғимараттың сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу, сырлау және сәндеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілер толық тартылып, нысанды пайдалануға беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Айта кетейік, жылдың басында Бекарыстан би ауылында да жаңа заманауи спорт кешені ауыл халқының игілігіне пайдалануға берілеген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: