Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жайлы жол, кеңейген көше

08.06.2026, 14:45 60

Бас шаһарда тұрғындардың қауіпсіздігі мен көлік қозғалысының қолайлылығын арттыру бағытында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Сағымбаев көшесінің Торайғыров көшесінен «Қызылорда – Құмкөл» автожолына дейінгі бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба көлік қатынасын жақсартып, жолдың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Бәйтерек шағын ауданындағы Оңтүстік магистральды канал арқылы өтетін көпір құрылысы қала тұрғындары үшін маңызды нысандардың бірі саналады. Жаңа көпір көлік қатынасын жеңілдетіп, шағын ауданның көлік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ал, негізгі көшелердің бірі саналатын Н. Назарбаев даңғылы, сондай-ақ А. Иманов, Бозғұл-1, Наурыз және Ш. Есенов көшелерін қайта жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Аталған жобалар қаланың заманауи келбетін қалыптастырып қана қоймай, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: