Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру мен бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Жиында Үкімет отырысы мен аймақта өткен мәжілісте көтерілген оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
Аудан әкімі тарапынан балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы қажеттігі айтылып, жауапты мекемелерге бақылауды күшейту тапсырылды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөліміне күшейтілген режимде жұмыс жасау міндеттелді.
Сондай-ақ, алдағы Құрбан айт мерекесінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Бұл бойынша қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын барысында алдағы уақытта ашылатын әлеуметтік нысандардың сапасы, құжаттарының талапқа сай болуы, санитарлық тазалық мәселелері де пысықталды.
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік жұмыстарын жандандыру, елді мекендердің тазалығын сақтау, коммуналдық қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылды.
Кемшіліктер айтылып, қала аумағы бойынша тазалыққа байланысты кемшіліктер арнайы слайд арқылы көрсетіліп, оларды жою бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктелді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы көтерілген мәселе мен анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары қатаң бақылауға алынатынын ескертті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!