Бір қария шәкіртіне екі құмыра су беріпті. Біріншісі – мөлдір, таза су, ал екіншісі – лай, батпақты су.
Қария былай депті:
— Өмір саған бұл екі судың екеуін де ішкізеді. Бірақ қай суды ішіңде сақтап қалатыныңды өзің таңдайсың.
Шәкірті таңырқай сұрапты:
— Лас ортада жүрсе, адамның өзі де ластанбай ма?
Қария жымия жылыұшырай тіл қатып:
— Батпақта өскен лотос (бадамгүл) батпақтың өзіне ұқсап кетпейді. Керісінше, одан нәр алып, бұрынғыдан да таза, бұрынғыдан да құлпырып, сұлу болып өседі, — депті де, сөзін ары қарай жалғапты:
— Бұл жалған сеңі қызғаныш пен нәпсіге, өтірік пен өшпенділікке қарай тартады. Бірақ әрбір адамның ішінде тумысынан бар өз сәулесі (нұры) болады. Оны кірлету-кірлетпеу – өз таңдауың.
Сол күні шәкірт ең үлкен жеңіс – өзгелерді жеңу емес, өз көңіліңді (ішкі дүниеңді) кірлетпей, таза сақтап қалу екенін түсінген екен.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!