Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиыннан соң Жаңақорған ауданы әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті, деп жазады баспасөз қызметі.
Жиын барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралып, аудан басшысы макроэкономикалық көрсеткіштерді арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Әсіресе, өнеркәсіп өнімінің көлемін ұлғайту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және осы бағыттағы межелі индикаторларға қол жеткізу бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар, 25 мамыр – оқу жылының аяқталуына байланысты білім беру ұйымдарында өтетін іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі де қаралды. Биыл аудан бойынша 9-сыныпты 1864 оқушы, ал 11-сыныпты 1273 түлек тамамдайды.
Аудан әкімі «Соңғы қоңырау» салтанатын жоғары деңгейде өткізуді, балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуді, сондай-ақ, рұқсат етілмеген іс-шараларды ұйымдастыруға жол бермеуді және оқушыларға бақылауды күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Жиын қорытындысында аудан басшысы барлық жауапты сала жетекшілеріне аталған бағыттардағы жұмысты күшейтуді тапсырып, берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!