Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаһар басшысы Қызылөзек ауылының әкімін таныстырды

19.05.2026, 20:10 27

Шаһар басшысы Нұржан Ахатов және қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев Қызылөзек ауылдық округінде болып, сайланған ауыл әкімін тұрғындарға таныстырды.

Еске салсақ, 17-ші мамырда Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Шаһар басшысы сайлауда ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, жоғары белсенділік танытқаны үшін тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Бұл сайлауда тұрғындардың басым дауысына Сәкен Әбдіжаппар ие болды. Ол бұған дейін осы округте әкім қызметін атқарып, халықпен тығыз жұмыс жасады.

Жиында қала әкімі аймақ ауылдың инфрақұрылымын, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға негізделген жұмыстардың жалғасатындығын айтты. Ал, сайланған округ әкіміне кәсіпкерлікті дамыту, салық базасын ұлғайту, жайылымдық жерлерді дайындау, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша кешенді шараларды әзірлеуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: