Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аңыз адам атындағы аяқдоп турнирі

15.05.2026, 12:25 41

Бүгін «Локоматив» құтқарушылар стадионында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, кәсіби футболшы, спорт шебері Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған 2013 — 2014 жылғы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир алауын жақты. Жарысқа өңіріміздің әр ауданынан 10 команда келді.

Турнирдің ашылу салтанатында қала әкімі Нұржан Ахатов, спорт ардагерлері, облыстық футбол федерациясының президенті жас аяқ допшыларға ақжарма тілектерін білдірді.

  • Тимур Санжарұлы қызылордалықтар үшін өшпес есім, аласармас тау тұлға. Ол жергілікті «Автомобилист» командасынан бастап, бүгінгі «Қайсар» клубының іргесі бекуіне ілкімді іс қосты. Кеңестік дәуірде ең алғаш Алматының «Урожай» атанған футбол командасы кейін «Қайрат» брендін иеленді. Бұл атауды екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаев өзінің батасын арнап, айдар таққан атауы болатын. Сондықтан Тимур Санжарұлының саналы ғұмырымен сабақтас «Қайрат» командасының атауы бізге әрқашан ыстық.
    Бүгінгі турнир қатысушыларына, аты аңызға айналған Тимур Санжарұлының ізбасарларына сәттілік тілеймін! — деді Нұржан Сәбитұлы.

Спорт ардагерлері мен облыстық футбол федерациясының президенті Болат Көшербаев турнирге қатысушы жасөспірімдерге батасын берді.

Соңғы жылдары шаһарымызда тұрғындардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Әр аулаға спорттық алаңдар салынып, арнайы құрылғылар орнатылды. Еуропа стандарттарына сай келетін 11 000 орындық «Қайсар Аренада» қазір ел чемпионаттары өтуде. Футбол сүйер қауым үшін «Қайсар – Арена» стадионынан кейінгі ауқымды жоба – Еуропаның үздік футбол мектептері үлгісіндегі «Қайсар» футбол академиясының құрылысы басталып кетті.
Академияда жас спортшыларға арналған жатақхана, мектеп, асхана және жеті жаттығу алаңы қарастырылады.

Сонымен қатар, жаңашылдық әкелген заманауи теннис орталығында күнделікті жарыстар ұйымдастырылады. Ал, инклюзивті спорт мектебі болса, ерекше күтімді қажет ететін спортшыларға ең қолайлы ортаға айналды.
Алдағы күндері салынып жатқан «Қызылорда Арена» спорт кешені пайдалануға беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: