HALYQLINE.KZ Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, өз туған ауылында сопылардың соңғы ұрпағы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1931 жылы жер қойнына тапсырылады.⠀
Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда 1921 жылы Мәшһүр Жүсіп бар туыс-тумасын жинап, бір жерді анықтап көрсетіп: «Менің мазарымды осы жерден қазыңдар. Мені жатқызып емес, отырғызып жерлеңдер. Әлсін-әлсін хабар алып тұрыңдар, менің денем 40 жыл бойы бұзылмай сақталады» деген екен. Қайтыс боларынан тура бір жыл бұрын үлкен келіні Ақ Зейнептің інісі Дұсжанға мазарын қаздырып бастайды. Өзі үнемі басы-қасында отырып, енін, ұзындығын қадағалайды.⠀
Мазар дайын болған соң алыс-жақын ағайын-ауылын жинап, көзі тірісінде өзінің жаназасын шығарып, құрбан шалып, ас бергізеді.⠀
Мұның себебін сұраған ауылдастарына: «Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын. Мен өлген соң қатты әлсірейсіңдер. Ас беріп, жаназа намазымды оқытпақ түгілі, бақа-шаян теріп кетесіңдер», – деп 1931 жылғы ашаршылықты күні бұрын болжаған екен. Расында сопы жан тапсырған соң әлсіреген туыстары әулиенің мәйітін дайын мазаратқа әрең апарып жерлейді.⠀
Содан соң әулие Мәшһүр Жүсіп сөзін былай деп жалғайды: «Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттан аман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туады» деп болжаған екен.⠀
Әулие Мәшһүр Жүсіптің 4 болжамы орындалып кетті.
Олар:
✓ өзінің өлімі
✓ ашаршылық
✓ 70 жыл атейстік компартия
✓ 30 жыл ұры-қарының билеуі.⠀
Енді бесіншісі бейбіт, бейқам заман 2021 жылдың соңына, 2022 жылдың басына келіп тұр екен. Билікке адал сүт емген, халқына қайырлы басшылар келеді деп болжаған екен.
Әлеуметтік желіден алынды.
Аумин айиканы келсин🙏🙏🙏
Мәшһүр Жүсіп атамыздың 2021- ға айтқаны қабыл болғай, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Аумин,айтқаны келсін
Аумин! Осылай болса екен !
Әр қиындықтың қайыры болады дейді.Халқымыз имандылыққа бет бұрып,ес жинауы бек мүмкін.Лайым Алла жақындарымызды,халқымызды тура жолдағылардың қатарынан етсін!Еліміздің келешегін жарқын ете гөрсін!
Елімізде иманды да ілімді-білімді,саналы,отан сүйгіш ұрпақтарымыз көбейіп,еңсесі биік мемлекет болуымызды Алла нәсіп етсін!Халқы үшін тер төккен ата-бабаларымыздың жандары жәннәттің төрінде болсын!
2030
2021 ✊
Ол аулие ғой!!!
Еститін адамдарын естіп жатқан шығар.
Қазақтардың жолдары ашық болсын, қазақтарда бірлик болсын, жемқорлық болмасын.
Әумин айтқаны келсін әулие атамыздын бұл кісілер Қожа Ахмет Иассауй бабамыздан сопылық ілім алып әулиелік дәрежеге жеткен адамдар АЛЛАНЫН сүйікті құлдары ғой сопылық дін таза мұсылман діні Мәшһұр атамыз иманды болсын!