Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық «Жастар театрының» директоры тағайындалды

29.04.2026, 16:05 64

Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрығымен Әубәкір Жарқынбек Кенжебекұлы «Қызылорда қалалық Жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры міндетін атқаруға қабылданды.

Әубәкір Жарқынбек Кенжебекұлы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ музыка-педагогикалық факультетін музыкалық білім беру мамандығы, Қызылорда Гуманитарлық университетін филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

2009-2011 жылдары Жалағаш ауданы, Таң ауылдық мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі,

2011-2014 жылдары Жалағаш ауданы, Таң ауылы №118 орта мектептің тәлімгер-ұйымдастырушысы, музыка пәнінің мұғалімі,

2014-2015 жылдары Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Жалағаш аудандық жастар орталығы бөлімінің аға кеңесшісі,

2014-2017 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің бас маманы,

2017-2022 жылдары Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі, Абай мәдениет үйінің директоры,

2022-2026 жылдары Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі директорының орынбасары, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры директорының орынбасары,

2026 жылы Алматы облысының музейлер бірлестігінің директор орынбасары қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: