Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Украина билігі Назарбаевтың барельефін бұзудан бас тартты

18.04.2026, 13:45 61

Украина билігі Каменское қаласындағы Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған барельефті бұзбауды жөн көрді. Бұл жөнінде “Украина – Орталық Азия” телеграм-арнасы жазды. 

Барельефті бұзу туралы өтініш иесі – қазақстандық белсенді Тұрарбек Құсайынов. Ол Назарбаевтың совет билігімен байланысы барын айтып, Владимир Путинмен қарым-қатынасын да алға тартқан.

Алайда Украина ұлттық ескерткіштер институты белсендінің өтінішін орындамаған. Институттың жетекшісі Александр Алферов барельефте тыйым салынған символика жоғын және “Ресейдің империялық саясаты” мен декоммунизация туралы заңға енбейтінін айтқан. 

Барельеф Каменское қаласындағы училищенің алдында тұр. Онда Назарбаев 1958-1960 жылдары оқыған. Ескерткіш 2005 жылы орнатылған. 

Сурет: Уикипедия

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: