Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды

16.04.2026, 14:25 117

KTK.kz хабарлауынша, Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында екі 9-сынып оқушысының мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдердің денесі қорадан асылған күйде табылған.

Қайтыс болғандардың бір үйдің баласы еместігі және өзара туыстық байланысы жоқ екені айтылды. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы әзірге анықталып жатыр.

Аталған дерекке байланысты Жамбыл облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша, Қордай ауданында болған өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Фото: istockphoto.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: