Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өмірде қажетті 10 маңызды кеңес

11.04.2026, 20:40 42

HALYQLINE.KZ

Жан жарасы толық жазылмаса да, сені күштірек етеді.

(Ауырсыну сені өзгертіп, ақылдырақ қылады деген сөз.)

Бүгін ерінсең, ертең бастау одан да ҚИЫН болады.

(Бір тоқтап қалсаң, қайта қарқын алу оңай емес.)

«Бас тартқым келеді» деп ойлаған сәтте адам ең көп НӘРСЕНІ үйренеді.

(Ең қиын кезеңнен өтсең, бұрынғыдан да мықты боласың.)

Өмір қиындаған сайын, сен не қалайтыныңды жақсырақ түсінесің.

(Қиындықта адам өз құндылығын таниды.)

Баяу болса да болады, тек ТОҚТАМА.

(Тасбақа сияқты баяу болсаң да, алға жылжу маңызды.)

Ауырсыну жайдан-жай келмейді, бұл – «басқа жолды байқап көр» деген БЕЛГІ.

(Ісің алға жүрмесе, тәсілді өзгерту керек деген сөз.)

Оңай келген нәрсе оңай кетеді. Еңбекпен келгені ғана МӘҢГІ қалады.

(Еңбектің жемісі ғана ең құнды.)

Қиын күндер сені дұрыс ТАҢДАУ жасауға үйретеді.

(Әр қатең – тәжірибе.)

Жолдың соңына жеткен адам данышпан болғандықтан емес, тек жолдан қайтпағаны үшін ЖЕҢІСКЕ жетеді.

(Жетістік деген – тек берілмеген адамға тиесілі сый.)

Өмір бір күнде өзгермейді. Күн сайынғы еңбек бір күні үлкен ЖЕТІСТІККЕ айналады.

(Үлкен өзгеріс кішкентай қадамдардан басталады.)

Еңбектенген уақытың ешқашан зая кетпейді… Бұл – шындық.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: