Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенің ішкі өз жарығың ғана…

09.10.2026, 9:00 30

HALYQLINE.KZ

Даналық. Даналық білімнен өзгеше. Білім мен тәжірибені қатар қарамайтын болса, даналық тәжірибеге негізделеді. Яғни, даналық тек өзінің бастан кешкендеріне ғана негізделеді, басқа ештеңеге емес. Жалғыз қалған кезіңде сырттан қосылған, басқалардан алынғаныңның бәрі де жоғалады. Тек сенікі ғана сенімен бірге қалады.

Шәкірт Ұстазының үйінен жолға шығуға қамдана бастады. Уақыт кешкіріп, сыртта қараңғы болып кеткен. Ауылына жету үшін орман арқылы бес шақырым жүру Шәкіртке қорқынышты еді. Ұстазы сонысын байқады да:

— Сен қараңғыдан қорқасың ба? — дегенде шәкірт:

— Иә, мен аздап жүрексініп тұрмын.

Ұстаз:

— Қорықпа!, -деп айтып, оның қолына шырақ жағып ұстатты.

Шәкірт есіктен шығып бара жатқан кезде, Ұстаз кенеттен шырақты үрлеп сөндіріп тастады.

Шәкірт:

— Сіз жаңа ғана жаныңыз ашып өзіңіз жағып берген шырақты неге сөндірдіңіз, мәнісін түсінбедім, — дегенде Ұстаз күліп:

— Мен жаққан шам саған соншалықты көмек бола алмайды ғой. Мен сенің қараңғыда жалғыз бара жатқаныңды түсінемін. Саған көмектескім келеді, бірақ мүмкін емес нәрсені жасай алмаймын. Тастай қараңғыда саған тек сенің ішкі өз жарығың ғана өзіңе көмектеседі. Менің батамды қабыл ал, оны өз санаңмен қабылда. Үрлеп қалса, сөніп қалатын басқалардың жарығы саған сенімді тірек бола алмайды. Өзіңнен нұрланып шашылатын жарық саған адал тірек болады, — депті Ұстазы.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: