Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таза Қазақстан»: Қазалыда 12,7 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылды

11.04.2026, 19:35 40

HALYQLINE.KZ

Елімізде Президентіміздің бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» тазалық акциясы тек науқан ғана емес, ол әр адамның және барша халықтың күнделікті дағдысына, өмір салтына айналып келеді.

Бүгін тазалық акциясына үн қосқан қазалылықтар аудан көлемінде қарқынды сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Сенбілік жұмыстарына ауданның барлық кент, қала және ауылдық округтері, дербес бөлім қызметкерлері, ерікті жастар мен тұрғындар белсене қатысып, санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізілуіне өз үлестерін қосты.

Жалпы аудан көлемінде өткізілген тазалық іс-шарасында Әйтеке би кентіндегі «Қазалы мәдени-демалыс кешені», М.Шоқай көшесі, аудан әкімдігі ғимаратының алдындағы Әйтеке би ескерткіші аумағы, теміржол вокзалы аумағы, 5-квартал аумағындағы бірқатар көшенің шөптері шабылып, көше бордюрлері мен ағаш түптерін әктеу, қоршауларды, электр бағаналары мен жол белгілерін сырлау, көшелерді сыпыру, қоқыстарды теру жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан орталығында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап, тазалық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді. Тазалық – тек қоғамдық жұмыс емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін айтқан аудан басшысы барша тұрғынды туған жердің тазалығы үшін жасалып жатқан іс-шараларға бірлесе атсалысуға шақырды.

Бүгінгі сенбілік жұмыстары барысында саябақтар мен аллеяларда тал егу іс-шаралары да ұйымдастырылды. Жалпы аудан бойынша тазалық акциясы аясында 500-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды. Ал аудан бойынша 500-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылып, 12,7 тонна жиналған қоқыс арнайы орындарға шығарылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: