Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл әскери парад өткізу жоспарда жоқ – Қорғаныс министрлігі

08.04.2026, 15:05 49

HALYQLINE.KZ

Биыл Қазақстанда Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізу жоспарда бар ма? Бұл сұраққа NUR.KZ тілшісіне Қорғаныс министрлігі жауап берді.

Ведомствоның мәліметінше, биыл әскери парад өткізу жоспарда жоқ.

Оның орнына мынадай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

  • ерлік туралы сабақтар;
  • ең үздік әскери қызметшілерге құрмет көрсету;
  • ардагерлерге құрмет көрсету;
  • экологиялық акциялар;
  • әскери оркестр шеруі;
  • шығармашылық топтардың өнер көрсетуі;
  • техника мен қару-жарақ көрмесі;
  • сарбаз ботқасы акциясы;
  • ашық есік күндері.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери парад өтті. Оған 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника және майдан, армия және әскери-көлік авиациясынан 66 ұшақ пен тікұшақ қатысты.

Айта кету керек, кейінгі бірнеше жылда Қазақстанда Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад өтпеді. Қорғаныс министрлігі мұның себебін бюджетті үнемдеу деп түсіндірді.

Фото: Ақорда. 2025 жылы Астана өткен әскери парад.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: