Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық көлік жүргізуші 40 рет жол ережесін бұзған

03.04.2026, 9:05 61

Қызылорда облысында жол ережесіне бағынбайтындарды автоматты түрде анықтайтын құрылғының көмегімен қасақана құқық бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген автокөлік иесі анықталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, сондай деректің бірі халықаралық және республикалық маңызы бар автожол бойында орналасқан стационарлық жылдамдық өлшегіш арқылы тіркелді.

– Тексеру нәтижесінде «LEXUS RX 330» маркалы автокөліктің 50 жастағы жүргізушісі жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін орнатып, айыппұл төлеуден жалтару үшін әдейі құқыққа қайшы әрекет жасаған. Жылдамдық режимін бірнеше рет бұзып, жалпы сомасы 1 млн 773 мың теңгеден асатын 40 құқықбұзушылық жасаған. Көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралып, сот шешімімен жүргізуші 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, – делінген хабарламада.

Осы орайда департамент өкілдері жүргізушілерді көлік құралдарының құжаттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеуге және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.

Айта кетейік, сенатор Марат Қожаев бұған дейін елде жол жүрісі қағидаларын жүйелі түрде бұзу тұрақты сипатқа ие болғанын және бұл мемлекет тарапынан үстірт емес, кешенді әрі принципті шешімдерді талап ететінін мәлімдеді.

Фото: kazinform

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: