Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқтық жасаған ерлі-зайыпты ұсталды

30.03.2026, 9:15 58

ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады, — деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Polisia.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: