Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда жаңа банк пайда болуы мүмкін

26.03.2026, 17:00 75

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оған өз рұқсатын 2026 жылдың 20 наурызында берген.

Сарапшылар ірі халықаралық капиталдың келуі ел экономикасына, әсіресе, бизнес секторға жаңа серпін беретініне сенеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Abu Dhabi Commercial Bank Қазақстанда еншілес банк ашуға рұқсат алып, исламдық қаржыландыруды «исламдық терезе» арқылы дамытуды жоспарлаған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің рұқсатынан соң, елімізде «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» атты жаңа банк ашылмақ. Қазіргі уақытта банк толық жұмысын бастау үшін дайындық жүргізуде. Барлық ішкі жүйе дайын болған соң, ол толыққанды банктік лицензия алады.

Еске салайық, ADCB – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі банктердің бірі. Оның негізгі иесі – Абу-Даби үкіметіне тиесілі Mubadala Investment Company. Fitch Ratings агенттігінен «A+» деген жоғары баға алған тағы бар. Бұл өз кезегінде банктің қаржылық тұрақтылығын айшықтаса керек-ті.

2025 жылдың соңындағы дерекке сәйкес, банктің активтері 210 млрд доллардан асады. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл біздің бүкіл банк жүйеміздің активтерінен бірнеше есе көп. Ал меншікті капиталы 24 миллиард доллардан жоғары саналса, жылдық таза пайдасы 3 миллиард доллардан көп. Банк халықаралық деңгейде жоғары рейтингте тұр.

Фото: kursiv.media

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: