Ұлыстың ұлы күнінде Түркістан төрінен сүйінші жаңалық!
Түркістан облысында көкпардан дүниежүзілік дода бүгін өз мәресіне жетті.
Бірнеше күнге созылған байрақты бәсекеде 9 елдің командасы жоғары деңгейдегі өнер көрсетіп, жанкүйерлерге тартысты әрі әсерлі ойын сыйлады.
Әлемдік доданың қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрама командасы көкпардан Әлем чемпионы атанды.
Еске салсақ, ұлттық құрама сапында қызылордалық Медетбек Балғынбек те бар. Жерлесіміз биылдан бастап ұлттық құрама өкілі атанып, аймақ тарихында тұңғыш рет көкпардан әлем чемпионатында бақ сынады. Шабандозымыз дүниежүзілік додада 7 салым салып, ұлттық құраманың чемпион атануына үлкен үлес қосты.

Медетбек Балғынбек ұлттық спорттың жанашыры, басқармаға қарасты №7 Жаңақорған ауданы спорт мектебінің директоры Боранбаев Сламхан Өміртайұлынан бірнеше жыл тәлім алып, тарихи жетістікке қол жеткізді.
Қызылордалық шабандозымызды тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!