Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқмағанбетовтіктер Наурызды тойлады

21.03.2026, 21:10 39

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Асқар Тоқмағанбетов ауылында әз Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара өтті, деп жазады баспасөз қызметі.

Іс-шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар және ауыл тұрғындары қатысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі бекітілді. Бүгінде ұлттық мерекеміз 10 күн бойы тойлануда. Наурыз – ежелден халқымыз үшін береке мен бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың белгісіне айналған Ұлы даланың қасиетті мейрамы. Жаңарған Қазақ елінің ертеңі мен болашағын жалғайтын ұлттық мереке.

Бұл күн – қыстан «аман шықтық» деп, ала қыстай сақтаған дәм-тұзын бір қазанға тоғыстырған, елге мерей, жұртқа мейір сыйлаған күн. «Дәстүрім – дәулетім, салтым – санам» дескен халқымыз бұлақ көрсе көзін ашып, тамырына ақ құйып ағаш отырғызған.

Жақсылықтың, оң өзгерістердің, игі істердің, ізгіліктің жаршысы болған, жаңару мен жаңғырудың символына айналған Әз-Наурызымыз ұлан-ғайыр даламызға, байтақ елімізге, туған жерімізге құтымен, ырыс-несібе, берекесімен келсін,- деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтауға, береке мен бірлікті нығайтуға бағытталды. Ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін ұлттық ойындар ойнатылып, қазақтың әдет-ғұрыптары дәріптелді.

Сонымен қатар, бірқатар ауыл ардагері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Мереке ауыл өнерпаздарының концертіне ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: