Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа Конституция қабылданды: Референдумның түпкілікті қорытындысы жарияланды

17.03.2026, 11:20 25

Орталық референдум комиссиясы Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша 15 наурызда өткен дауыс беру қорытындысын жариялады, деп жазады halyqline.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, референдумда жаңа Конституцияны қолдап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15%-іне тең.

Сонымен қатар:

референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны – 12 482 613;

дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12 процент;

референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;

жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.

«Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады», — деді комиссия басшысы Нұрлан Әбдіров.

Фото: gov.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: